БАСТЫ ТАЛАП – УАҚТЫЛЫ ӘРІ САПАЛЫ Избранное

Среда, 01 Ноябрь 2023 03:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 918 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қалада құрылысы жүріп жатқан білім, спорт ғимараттары мен стартегиялық маңызды саналатын нысандардың жұмысымен танысты.

712

 

Алдымен, Сайрам тұрғын алабындағы салынып жатқан № 12 спорт мектебінің қосымша корпусында болды. Нысан екі ауысымда жұмыс істейді. Әр ауысымда спорт мектебінде 147 адам оқу-жаттығумен айналыса алады. Жобаға сәйкес ғимараттың жертөлесінде пауерлифтинг, ауыр атлетика оқу-жаттығу залдары, киім ауыстыру, жуынатын орын, бапкерлер мен төрешілер бөлмелері қарастырылған. Бірінші қабатта вестюбиль-фойе, киім бөлмесі, 18 орындық асхана, 210 орындық әмбебап спортзал, медпункт болады. Ал екінші қабатында демалыс орны, бокс, күрес, бадминтон оқу-жаттығу залдары орналасады. Қазіргі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 72 пайызға орындалған. Құрылыс келесі жылға өтпелі.
Сондай-ақ қала басшысы аталған тұрғын алаптағы №10 колледждегі құрылыс жұмысын бақылады. Мұнда 300 орындық оқу корпусының құрылысы жүргізілуде. Корпуста 200 орындық асхана мен АКТ залы және спортзал блогы қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары ның 95 пайызы орындалған. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Ғабит Сыздықбеков құрылыс сапасын қатты сынға алды. Сондай-ақ халық игілігі үшін жұмысты тиянақты әрі әділ істеу керектігін баса айтты.
Қала әкімі жауаптыларға ғимараттардың құрылысын жобаға сай жүргізіп, нысандарды өндірістік кестеге сәйкес қолданысқа беруді тапсырды.
Шаһарда құрылысы қызу жүрген нысандар қатарында деполар бар. Әкімшілік-іскерлік орталықтағы нысан заманауи құрылғылармен және халықаралық стандарттарға сай техникамен жабдықталған. Құрылысы толығымен аяқталып отыр. 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депода қызметкерлердің нәтижелі жұмыс істеуіне әрі тынығып, демалулары үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін ыңғайлы қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар қарастырылған. Сыртқы аумақта кәсіби дағдыларын машықтандыруға арналған оқу-жаттығу мұнарасы, спорт алаңдары да бар.
Ал Сайрам шағынауданындағы депо жұмысы 30 пайызға орындалды. Мұнда да қойма, оқу жаттығу мұнарасы, жүгіру жолағы, автотұрақ қарастырылған. Озық үлгіде жабдықталатын ғимаратта өрт сөндіру көлік үй-жайлары, әкімшілік кабинеттер орналасады. Нысан құрылысы келесі жылға өтпелі.
Қала әкімі ғимараттарды аралау барысында жауапты басқарма басшыларына әрбір жұмыстың сапалы атқарылуын және мерзімінде аяқталуын нықтап тапсырды.
Айта кетейік, жаңа депо өрт сөндіру бөлімшелерінің жеделдігі мен ұтқырлығын арттыруға, материалдық залал мен адам шығынын азайтуға айтарлықтай мүмкіндік бермек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.