ҚИЫЛЫСТАҒЫ АЛАҢҚАЙ САЯБАҚҚА АЙНАЛАДЫ Избранное

Пятница, 02 Февраль 2024 08:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 382 раз

Әл-Фараби ауданына қарасты Жандосов, Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы бос жатқан 20 соттық жерге саябақ салынады. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков елді мекендерді аралау барысында осы аумаққа арнайы барып, демалыс орнының жоспарын пысықтады. Қазір жер теліміне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік акт жасалуда.

akims

 

Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы, мерзімінде жүргізіп, халыққа қолайлы орта қалыптастыруда нақты тапсырмалар жүктеді. Заманауи талапқа сай салынатын саябақ биыл пайдалануға беріледі.
Жандосов көшесі Сасбұқаев көшесінен Адырбеков көшесіне дейін ұзартылады. Қала әкімі аталған нысанға барып, құрылыс жұмысының жобасын нақтылады. Қазір мұнда көлік ағыны жоғары. Жібек жолы көшесінің бойында әлеуметтік нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер мен «Айна», «Көктем» базарлары орналасқан. 4 жолақты 336 метр жолдың жобасы көшелердегі көлік ағыны мен кептелісті азайтуға бағытталған. Адырбеков көшесі бойымен қатынайтын көліктер Жандосов көшесі ұзартылған соң Ерімбетов, Шаяхметов көшелерімен қиылысады.
Қала әкімі басқарма басшыларына жер телімдерін қайтару жұмыстарын тездетіп, инфрақұрылым желілерін жер астымен жүргізу бойынша тапсырмалар берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.