Науқаста 1 жыл бұрын кенеттен құрысу (cудороги) пайда болған. Эпилепсия диагнозы қойылып, жігіттің жағдайы нашарлай түседі. МРТ қорытындысы эпилепсия ошағы мидағы ісік (кавернозная ангиома) екенін анықтаған. Белең ала бастаған дертті жою үшін дәрігерлер шұғыл түрде күрделі ота жасау шешімін қабылдайды.
Отаны білікті нейрохирург Еркін Медетов жасаған. 3 сағатқа созылған ота сәтті аяқталды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы және талма аурулары жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, дәрі-дәрмек қабылдау біртіндеп тоқтатылып, науқас толығымен сауығып кетеді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі Шымкентте ми-қан тамырларының күрделі бұзылыстарында, жүрек ауруларын емдеуде күрделі ота жасауға қолжетімділік артқан. Биыл 1500-ге жуық адамға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету жоспарланған.
Біле жүріңіз, МӘМС қарапайым халықтың мүддесін қорғауды көздейді. Сіз сапалы әрі жоғары технологиялық медициналық көмек алуға құқылысыз.