ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ Избранное

Среда, 06 Март 2024 05:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 280 раз

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы мен «Шымкент қалалық Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мереке қарсаңында «Әйел бақыты – қоғам айнасы» тақырыбында кездесу өтті.

aiel

 

Кездесуге Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б.Өнербаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов, Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының басшысы Ж.Утесинова, «Ерекше жол» қоғамдық қорының құрылтайшысы, «Арман алаңы» Қазақстан коалициясы» ЗТБ төрағасы Р.Беркешева мен 600-ге жуық жас қатысты. Сонымен қатар, Шымкент қаласы білім басқармасының мемлекеттік арнаулы коррекциялық №28 «Гауһар» балабақшасының басшысы Ұ.Тәкібаева, «I amBALA» Түзету-дамыту орталығының директоры, дәрігер-нейрореабилитолог Ш.Даниярова, «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Жандосова жастарға кездесу барысында әйелдің қоғамдағы рөлі жайлы тұщымды ойларымен бөлісті.
– Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі салада еңбек етіп келе жатқан әйелдердің жұмысын көрсету мақсатында «Әйел бақыты – қоғам айнасы» жиынын биыл екінші мәрте ұйымдастырып отырмыз. Басқосуды алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіп отырамыз деген ниеттеміз. Бұл жиынның өскелең ұрпаққа, шаңырақ көтергелі жүрген жастарға пайдасы зор,- деді Баян Жандосова.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов әйелдер өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамның дамуына үлес қосуы үшін олардың қоғамдағы құқығының сақталуы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және басқа салаларда қызмет етіп жүрген әйелдерге қолдау көрсету қажет екенін тілге тиек етті.
Зиялы қауым өкілдері «Тәрбие басы – талбесік» ұғымына тереңінен тоқталып, жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеп, ақ жаулықты аналарымыз бен қарияларды құрметтеуге шақырды. Жиын соңында қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытқан қыз-келіншектерге алғыс білдірді.

Абылайхан ОРАЗАЛИЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.