Жиын барасында тағдырдың сынағына сынбай, бала тәрбиесіне барын салып жүрген аналардың ерліктері дәріптелді. Кеш қонақтары батыр әйелдердің өмірлік тәжірибелерін тыңдап, жігерлене түсті, сондай-ақ әр әйелдің бойындағы төзімділікке тәнті болды.
– Баршаңызды көктемнің көрікті мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің кең жүректеріңіз бен мейірімдеріңізге әрқашан бас иеміз. Әрбір батыл қадамдарыңызбен көпке үлгісіздер. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз, - деп Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Өтебаева құттықтауын жеткізді.
«TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы кешке қатысқан 300-ге жуық анаға сый-сияпат жасады. Жиын соңында орталық басшысы Ерсұлтан Әмзиев қолдау көрсеткен қонақтарға алғысын білдірді.
А.ЕРМАХАНҰЛЫ