ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР, ЖАРЫСҚАНДА...

Среда, 13 Март 2024 05:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 145 раз

Шымкент қаласының жаңа ипподромында ұлттық ат спорты – бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионатының іріктеу турнирі өтті. Сайысқа Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 9 өңірден 80 ат қатысты.

taiJaris

 

Бәйгеден Қазақстан чемпионаты жалпы 9 кезеңді қамтиды. Соның алғашқы кезеңі Шымкент қаласында ұйымдастырылып отыр.
ҚР Бәйге федерациясының 1-ші вице-президенті Мұрат Өсербаев, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков жарыстың ашылу рәсімінде шабандоздарға сәттілік тіледі. Басқарма басшысы қалада ұлттық спортты дамытуға жағдай жасалғанын, қолдау одан әрі жалғасын табатынын атап өтті.
Ұлттық ат спортының жанкүйерлері бәйгенің үш түрі – Құнан бәйге, Топ бәйге және Аламан бәйге бәсекелерін тамашалады.
Әр кезеңде іріктелген аттар күзде өтетін финалға жолдама алды.
Сайыстың жалпы жүлде қоры — 20,9 млн.теңге. Аламан бәйге жеңімпазына — 5 млн, теңге, Топ бәйгеге — 4 млн. теңге, Құнан бәйге жеңімпазына 3 млн теңге сыйақы берілді.
Айта кетсек, ҚР чемпионаты Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық кезеңінің бірі болмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.