ОЙЫЛҒА ҚАРАЙ КӨМЕК КЕРУЕНІ КЕТТІ Избранное

Пятница, 05 Апрель 2024 06:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 248 раз

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығынан Ақтөбе облысына екі жүк көлігімен гуманитарлық көмек жолданды. Жүк көлігіне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қажетті азық-түліктер, киім-кешектер, санитарлық тұтыну құралдары, көрпе-төсек, жамылғылар тиелді. Акцияға қала жастары, кәсіпкерлер, тұрғындар қолда барымен бөлісіп атсалысуда.

Komek

 

— Еліміздегі жағдайға байланысты жастар ресурстық орталығында волонтерлік пункт ашылып, онда 130-дан аса жас қызмет етті. Қазіргі таңда он тоннадан астам азық түлік, киім-кешек жиналды. Керекті заттарды Ақтөбе облысы Ойыл ауданына жібергелі жатырмыз. Атсалысып жатқан барша тұрғындармен жастарға рахмет айта отырып, қиын-қыстау уақытта бірлікте болуға шақырамын,—деді Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Бағлан Ілесов.
Жолға шыққан жолаушыларға Қаттани мешітінің наиб имамы Ержігіт Досымбаев ақ жол тілеп, қасиетті айда қиналғанға көмек қолын созу үлкен сауап екенін айтып өтті.
Айта кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы мүшелері мен депутаттар, кәсіпкерлер бірігіп Орал қаласына бір КамАЗ гуманитарлық көмек жолдаған болатын.

Г.БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.