ХУДЖАНДТА ШЫМКЕНТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Избранное

Среда, 26 Июнь 2024 04:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 332 раз

17-19 маусым аралығында Шымкент қаласымен бауырлас Худжанд қаласында өткен «Сугд-2024» халықаралық сауда жәрмеңкесіне қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов бастаған делегация қатысты. Іс-шара аясында Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі У.Әмірханұлы, қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Жұмабекұлы Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен және Худжанд қаласының төрағасы Ш. Фирдавспен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Шымкент пен Худжанд қалалары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

XiDJanta

 

Сонымен қатар «Сауда-инвестициялық мүмкіндіктер және ынтымақтастықтың әлеуеті» бизнес-форумына қатысқан делегация қаламыздың инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективаларын Өзбекстан Республикасының Ташкент, Наманган, Ферғана, Самарқан, Бұқара, Сырдария облыстарының әкімдеріне, Әзірбайжан Респбуликасының Гянджа қаласының мэріне, Ресей Федерациясының Нижегород, Москва, Свердловск, Пенза, Липец, Челябинск, Воронеж облыстарының губернаторларына және Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясының басшысы мен халықаралық қаржы ұйымдарына таныстырды.
Қаламыздың атынан сауда-жәрмеңкеге «Бал Текстиль» кілем фабрикасы, аяқ киім шығарумен айналысатын «Lux Shoes» фабрикасы, «GraMaD retail», «Маркет» сауда желілері және «Колесников» көкөніс өндірісінің өнімдері ұсынылды.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша бизнес-делегация өзге елдерден келген әріптестерімен 5 коммерциялық құжатқа және жалпы сомасы 400 мың АҚШ долларын құрайтын келісімшартқа қол қойды.
Бұл іс-шаралар мегаполистің ынтымақтастықты арттырып, шет мемлекеттермен экономикалық байланыстарды дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Бұл іс шара халықаралық байланыстарды нығайтуда Шымкент пен Худжанд арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды қадам болып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.