Акцияға қолдау бiлдiруде

Пятница, 25 Декабрь 2015 07:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4340 раз

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен жүзеге асқан «Мейірімді жүрекпен» қоғамдық қозғалысы аясында елімізде қайырымдылық көмек орталықтары ашылған болатын. Қоғамдық қозғалыстың мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға, мүгедек жандарға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдем жасау.

1450934670Акцияға қолдау білдірген ізгі шараның бірі – Шымкенттегі «Айна» базары аумағында өтті. Акция барысында шымкенттік белгілі кәсіпкер Қайрат Балабиев қаладағы тұрмысы төмен 10 отбасыға көмек көрсетіп, қамкөңіл жандарға қуаныш сыйлады. Кәсіпкер өз сөзінде қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда ОҚО-да игілікті бастамаға кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар қызу қолдау көрсеткендердің қатары артуда. Көмек беру орталықтары Шымкенттегі «Рахима плаза» сауда, ойын-сауық орталығында, «Айна» базарында ашылған. Онда азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техника және басқа да заттар қабылданып, мұқтаж жандарға таратылады. Орталықтар күнделікті сағат 10.00-15.00 аралығында жұмыс істейді.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.