Шымкент аялдамалары жаңа жүйеге көшiрiледi Избранное

Пятница, 08 Январь 2016 04:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4642 раз

Ежелгі ғұлама ғалымдардың бірі «Мен қоғамды түсіну үшін жолдағы жағдайға қарасам жеткілікті» депті. Орынды айтылған. Бұл ретте Шымкент секілді ірі мегаполистің тұрғындары үшін заманауи стандартқа лайықталған жол-көлік инфрақұрылымының болуы қажет. 

IMG 3564

Таяуда қала басшылығы Шымкенттегі қоғамдық көліктердің ин-фрақұрылымын дамытуда тағы бір жүйелі жұмысты қолға алды. Енді биылдан бастап қаладағы аялдамаларда арнайы сандық таблолар орнатылмақ. Ол арқылы жолаушылар қажетті бағыттағы автобустарының жүру кестесімен танысатын болады. Сонымен қатар онда жолаушылардың дегбірін алмай, күткен автобустың нақты қай мекен-жайда келе жатқаны да көрсетіліп тұрады. Жоба бойынша аялдамаға орнатылатын әрбір қондырғының құны – 500 мың теңге. Айта кетерлігі, бұл жоба Шымкентте алғаш рет жүзеге аспақ.
Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, әзірге таблоны тәжірибе ретінде қаладағы бір аялдамаға орнату жоспарлануда. Егер ол тиімділігін байқатып, тұрғындардың көңілінен шығып жатса, жоба одан әрі жалғасын таппақ.
– Шымкенттегі жолаушылар тасымалын жаңа стандарттар бойынша жұмыс істеуге көшіріп жатырмыз. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша осы бағытта жұмыстар атқарудамыз. Табло орнату бойынша қазір «Диспетчерлік қызмет орталығы» ЖШС-нің қызметкерлері зерттеу жүргізуде, – дейді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқын Байдуллаев.

Последнее изменение Пятница, 08 Январь 2016 07:21
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.