Қала жолдары жаңартылуда

Пятница, 29 Июль 2016 06:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4208 раз

Шымкентте 98 көшеде орташа жөндеу және аяқжол салу жұмыстары аяқталды.

Қазіргі таңда, Тәуке хан – Қонаев даңғылдары қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына және Темірлан тас жолы – А-2 «Алматы-Ташкент» автожолы қиылысындағы жол-көлік өткеліне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жалпы қалаішілік 90 көшені күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттамалар әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталуда.

IMG 7191

Қаламызда өткен жылы қайта құру жұмыстары басталған 7 көше және Қапал батыр көшесіндегі темір жол үстіндегі өткел, Темірлан тас жолы – Мангельдин көшелері қиылысында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын жалғастыруға сметалық құжаттамалар әзірленген. 

Шаһардағы 3 шағынауданның 13 көшесінде қайта құру жұмыстарын аяқтауға, 14 шағынауданның 59 көшесінде асфальттау жұмыстарын бастауға тиісті қаржы бөлініп, өз мақсатында жұмсалуда. Сондай-ақ, қала әкімдігінің тиісті салалық бөлімдері тарапынан маңызды 2 магистральды көшені қайта құруға, 11 шағын ауданның 48 көшесін қүрделі жөндеуге және Рысқұлов көшесі «Самал» базар жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірленді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.