Жылу уақытылы беріледі

Среда, 05 Октябрь 2016 06:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 6207 раз

Шымкентке қоңыр күз келгелі күн райы күрт салқындады. Ал қысқа дайындық қалай?

Қазір қала жылу маусымына дайындық үстінде. Атап айтқанда, жылу құбырларын жөндеу жұмыстары белгiленген жоспарға сай атқарылуда. Қыста құбырлардың жарылып, шымкенттіктердің жылусыз отыруына жол бермеу үшiн «КазОйл Сервис, «ХМСУ Мелиорация» ЖШС-і және «Қуат жылу орталығы – 3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жұмыс жүргізуде. 

Биыл қалада 45,3 шақырым жылу құбырларын жөндеу жоспарланған. Бүгінге дейін 42,8 шақырым, яғни 94 пайыз жұмыс атқарылған. Қазір қаладағы тұрғын үйлердің 91 пайызы, нақтырақ айтсақ орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1782 тұрғын үйдің 1625-і қысқа дайын. Сала мамандары тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ екенін айтады. 

– Шымкентте алдағы жылу беру маусымына дайындық аяқталып келеді. Жөндеу жұмыстары алдағы 15 қазанға дейін аяқталады деп күтілуде. Жылу уақытылы берiледi, – дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Гүлназ Шадманова. 

Айта кету керек, көпқабатты тұрғын үйлердiң қыс мерзiмi дайындығына тұрғындар да жауапты. Олар үй ішіндегі жылу құбырларын өздері ауыстырып, ақаулары болса жөндеуі тиіс.

Последнее изменение Среда, 05 Октябрь 2016 07:14
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.