Шымкентте тұрғын үй аулаларына балалардың ойын құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Биыл Еңбекші ауданы бойынша 22 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасалмақ.
Абаттандырылған аулаларға 15 түрлі ойын элементтері орнатылуда. Темір құрылғыны мердігерлер жобаға сай жасаған. Қажетті кейбір ойын құралдары Астана қаласынан арнайы тапсырыспен жеткізіліпті. Құрылысқа 235 миллион теңге қаржы бөлінген.
– Мердігер мекемелер аталмыш жұмыстарды желтоқсан айына дейін аяқтауы тиіс. Бұдан бөлек, 2012 жылы абаттандырылған аулаларға да қосымша ойын элементтері орнатылады. Ол үшін бюджеттен 57 миллион теңге қаралған. Нәтижесінде, аудандағы 630 көпқабатты тұрғын үйдің 461-і заман талабына сай ойын алаңшаларымен қамтылады, – дейді Еңбекші ауданы әкімі аппаратының инфрақұрылым және көріктендіру бөлімінің басшысы Бахтияр Тұрабеков.