«Жаңа шаһарда» жерүсті өткелі болады Избранное

Пятница, 15 Февраль 2019 04:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3251 раз

Шымкентте Мангелдин көшесінде орналасқан жерүсті өткелінің бір бөлігі орнатылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті.

мангелдин өткел

Естеріңізге салсақ, аталған жерүсті өткелінің құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталған болатын. Сол кезде шаһар басшылығы тұрғындардың шағымына орай бірқатар өзгеріс енгізуді қолға алды.

Оған сәйкес көпір жобасында поликарбонаттан жасалған шатыр, қимыл мүмкіндігі аз тұрғындарға арналған жеделсаты орнатылып, тірек бөліктері кеңейтілетін болды. Бұл өзгеріс болашақта көпірге эскалатор орнату үшін енгізілді.

Жалпы, Темірлан тасжолы мен Мангелдин көшесі қиылысында жаяу жүргіншілердің қарасы қалың. Соның салдарынан көлік кептелісі жиі болып жатады. Жаңа өткел тұрғындардың ары-бері өтуіне ыңғайлы болмақ.

Қазіргі таңда өткелдің құрылысы аяқталуға жақын. Қала әкімдігіндегі жауапты мамандардың мәлімдеуінше, өткел биыл шілдеде ел игілігіне берілмек.