ШАЛҒАЙДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ Избранное

Пятница, 12 Июнь 2020 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2225 раз

Шалғайдағы шағын аудандардың инфрақұрылымын басты назарға қойған Мұрат Әйтенов инженерлік инфрақұрылым мәселелері бойынша мәжіліс өткізді.

81

 

Шымкент қаласы бойынша 53 шағынаудан шалғайда орналасқан. Бүгінде бұл аймақтарда инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүруде. Мәселен, Тұран, Батыс, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан, Асар-2 шағынаудандарын сапалы ауызсумен қамту бойынша бюджеттен 5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп, тиісті шаралар атқарылуда. Жыл соңына дейін Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Көкбұлақ, Абдулабад, Өтеміс, Базарқақпа шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар ауызсуға қол жеткізеді.
Бұдан бөлек, энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшының міндетін атқарушы Н.Жаманкөз 2025 жылға дейін шаһардағы 41 шағынауданға сапалы электр қуаты тартылатынын жеткізді. «Биыл 12 нысанға қаржы бөлініп, құрылыс жүруде. Жыл соңына дейін 7 нысанның құрылысы аяқталып, 14 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады» - деді маман.
Сонымен қатар, кәріз жүйесін тарту бойынша 4 нысанда құрылыс жұмыстары жүруде. Жыл қорытындысымен бір магистралдық кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, 12 мың тұрғыны бар 5 шағынаудан (Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Бадам, Маятас) кәріз жүйесіне қосылады.
Ал 2025 жылға дейін қаладағы 40 шағынаудан табиғи газ жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Келер жылы 2771 тұрғын үйге табиғи газ жүйесі тартылып бітеді.
АГРС-3 нысанының құрылысы аяқталса, өндірістік және әлеуметтік нысандарды үздіксіз, сапалы табиғи газбен қамтамасыз етуге жағдай жасалады.
Жиынды қорытындылаған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың тұрмысын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар бергені белгілі. Сондай-ақ, шалғайдағы халық кездесу кезінде инженерлі инфрақұрылым мәселесін алға тартады. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін сондағы тұрғындар сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін бақылауға алыңыздар» - деп, тиісті сала басшыларына жұмысты жандандыруды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.