КІТАПХАНАЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ Избранное

Среда, 04 Ноябрь 2020 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2240 раз

Қазіргі технологияның дамыған заманында адамдардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бірден-бір қол жеткізілуі тиіс мақсаттардың бірі саналады. Бүгінде елімізде кітап оқу ісіне мемлекеттік және қоғамдық қолдау көрсетілуде.

817

 

Осыған орай, жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Шымкент қаласының кітапханаларын дамыту және жаңғырту» бағдарламасы дайындалуда. Бағдарлама аясында еліміздің Ұлттық кітапханаларына қолжетімді алғашқы мемлекеттік цифрлық порталды құру, кітапханалардың жарғысына өзгерістер енгізіп, Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап (Отырар) кітапханасын әлемнің электронды кітапханалық жүйелеріне қосып, ғылым мен өнердің орталығы ретінде қайта жаңғырту көзделіп отыр. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде көпшілік кітапханалардың орталықтандырылған жүйесі саналатын Абай атындағы кітапханаға заманауи дизаин, жаңа технологиялар мен концептуалды толықтырулар енгізу жоспарлануда.
Бұған қоса аталған бағдарламаға сәйкес келесі жылы дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Kitapfest», төрт маусымдық «Bookoмaния fest», «Бізді кітап біріктіреді» акциясы мен баспагерлер жәрмеңкесі, кітаптарды реставрациялау, буккросинг, жасыл экономика секілді шараларды ұйымдастыру қолға алынбақ.
Сонымен қатар, қалалық кітапханаларда кітап оқуды насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер, жазушылар және ақындармен кездесулер, лекциялар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кітап көрмелері секілді іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Мәселен, Жасөспірімдер кітапханасы қалалық қоғамдық көліктерде «Bookway – 2020» әдеби жылжымалы кітапханасын ұйымдастырды. Іс-шарада тек кітаптар насихатталып қана қоймай, Абай образындағы әртіс қала тұрғындарына Абайдың қара сөздерін оқып, әндерін орындады, сұхбат жүргізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.