Тұрғын үй бағытында ашық форматта жұмыс істеуді тапсырды Избранное

Пятница, 04 Декабрь 2020 04:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 288 раз

10

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды қабылдап, жеке мәселелеріне жауап берді. Онлайн форматтағы кездесуге 10-нан астам қала тұрғыны жазылған. Олар негізінен әлеуметтік, инфрақұрылым, коммуналдық-шаруашылық, жер, жұмыспен қамту сынды мәселелерін жеткізді.

Мұрат Дүйсенбекұлы жұмыссыздық санын азайтуды әрбір елдімекенде жылыжай, мал шаруашылығы кластерін дамыту арқылы шешуге болатынын алға тартты.
Кездесуге жазылған Абай ауданы Карл Маркс елдімекенінің тұрғыны Сұлушаш Курашева Бадамская көшесін жарықтандыру мәселесін көтерді.
Қала әкімінің айтуынша, аталған аумақты жарықтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары 2021-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізіледі. Жарықтандыру жүйелері бірінші кезекте әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерде жүргізілетін болады.
Ал, Көкбұлақ тұрғын алабы тұрғындарының интернетпен қамту мәселесі бойынша бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Тұрғын алапты интернетпен қамтамасыз етуде антенна құрылғысын орнату үшін арнайы жер учаскесі бөлінген. Байланыс операторы базалық станцияларын орнату жұмыстардың жыл соңына дейін аяқтайтын болады.
Сондай-ақ, кездесуде Еңбекші ауданының тұрғындары Қарлығаш Жүсіпәлиева, Динара Насырова баспана мәселелері шешілмей жатқанына шағымданды. Қала әкімі заң талаптарына сәйкес, тұрғын үй тек кезек арқылы берілетінін айтты. Бұл бағытта тиісті сала басшысына жұмыстарды ашық форматта ұйымдастыруды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.