Шымкент гүлін өзі өсіреді

Пятница, 11 Декабрь 2020 04:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2007 раз

20130611120420-fioriserra

Шымкентте көктемгі көгалдандыруға дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Онымен қоса шаһарда жаңа саланы дамытып, гүл экспортын ұлғайтуға барлық мүмкіндік бар. Бұл салада бәсекелестіктің артуына байланысты салық көлемі де ұлғаяды. Осыған орай, Шымқала өз гүлдерін өсіруді қолға алды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүл көшеттерін өсіру қолға алынған болатын.
Бұл мақсатта қала әкімдігі мен «ASAR AGRO» кооперативі, «Жасыл-Жер» ЖШС және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС өкілдері арасында болған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Осыған сәйкес талдау жұмыстары жүргізіліп, қаланы көгалдандыруға жалпы 1,6 млн дана гүл қажеттілігі анықталған болатын. Бүгінде Асар шағынауданында орналасқан жылыжайға 1 миллион гүлдің дәні егіліп, 60% құрап отыр.
«ЛТД Тұрмыс» ЖШС мамандары тарапынан онда лимон түсті тагетистің 150 мың, қызғылт сары түсті тагетистің 150 мың, сальвияның 200 мың, катарантустың 200 мың және целозияның 150 мың, ал райхан гүлдің 150 мың тұқымы егілді. Егілген гүлдің дәндері 10 күн ішінде жылыжайдағы қалыпты температураға байланысты өсіп шығатын болады. Мұндағы гүл тұқымдары Германиядан жеткізілген.
Айта кетейік, жылыжайда асарлық 100 тұрғын жұмыспен қамтылып, жалақыны өз уақытында алуда. Бұл Президенттің Жолдауында көрсетілген өзін-өзі қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының жүзеге асуының дәлелін көрсетіп отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.