АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ Избранное

Среда, 27 Январь 2021 04:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2588 раз

Шымкент қаласы Абай ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамытуға 2021 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден 27 миллиард 700 миллион теңге бөлу жоспарланған. Соның нәтижесінде қаланың орталық бөлігінде ғана емес, ауданға қарасты шалғайда орналасқан елдімекендердің де бірқатар өзекті мәселелері шешіледі.

581

 

Бұл туралы 2020 жылы атқарған жұмыстар мен 2021 жылы жүзеге асырылатын негізгі шаруалар жайлы есеп берген Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі
Бұқарбай Парманов айтты.
Айта кетейік, есеп беру кездесулері эпидемиологиялық жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде онлайн форматта өтті. Тұрғындар аудан әкіміне өз сұрақтарын әлеуметтік желілер және телефон арқылы жолдады.
— Абай ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамытуға 2021 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден 27 миллиард 700 миллион теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаржының 5 миллиард 700 миллионы ауыз су мәселесін шешуге бағытталады. Нәтижесінде Жаңаталап, Ынтымақ-2, Жаңа Тұрлан, Солтүстік саяжай, Нұршуақ елдімекендерінде өмір сүріп жатқан 25 мың тұрғынның ауыз суға қатысты проблемасы шешіледі, - деді Б.Парманов.
Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылы осы бағытқа 8 миллиард 400 миллион теңге жұмсалған. Сөйтіп 1 магистралды су құбыры салынып, 8 елді мекенге орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған. Оның ішінде Игілік, Қызылжар, Көкбұлақ, «Тәуелсіздікке 20 жыл» атты 4 елді мекеннің ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда үйлерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 18 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Өткен жылы карантиндік шараларға қарамастан Абай ауданында 99 көше жөндеуден өткен. Бұл мақсатқа республикалық және қалалық бюджеттерден 8 миллиард 200 миллион теңге бөлінген.
— Өткен жылы аудан аумағында барлығы 99 көшеде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда 4 магистралды көшеге асфальт төселсе, 16 көшеде күрделі, 30 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнан бөлек, шалғайдағы елдімекендердің 20 көшесі мен ішкі орамдық 29 көше жаңартылды, - деді Б.Парманов.
Аудан әкімінің айтуынша, Абай ауданында биыл да жол құрылысының қарқыны бәсеңдемейді. Биыл бұл мақсатқа 9 миллиард 500 миллион теңге бөлінбек. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 122,8 шақырымды құрайтын 30 көшеде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.