СУ ҚОЙМАЛАРЫНА КҮНДЕЛІКТІ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Избранное

Среда, 10 Февраль 2021 03:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2068 раз

Шымкент қаласында жауын-шашынның салдарынан лай көшкіні мен су тасқынының алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

73

 

Қала аумағындағы су қоймаларының, өзендердің су деңгейіне (қауіпті жерлерде) күнде мониторинг жүргізіліп, Түркістан облысының ТЖ департаментінен тұрақты түрде таулы аймақтардағы қар қоры жөнінде мәлімет алынып отыр.
Сонымен қатар, 100 адамнан құралған мобильді топ пен 30 мотопомпа және қажет болған жағдайда жедел түрде бөгет салу үшін құм толтырылған 580 қап әзірленді.
Қазіргі таңда Сайрам су өзендері мен Бадам, Тоғыс, Ақжар, Текесу су қоймаларында су деңгейі бір қалыпты.
Айта кетсек, таяуда қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов Бадам, Тоғыс, Текесу және Ақжар су қоймалары мен және су басуға бейім жерлерге аэровизуалды бақылау жүргізген болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.