Фабрика жылына 5000 тонна мақта талшығын өңдеп, 4500 тонна жіп иіруге қауқарлы.
Кәсіпорын жұмысымен танысу барысында қала басшысы Оңтүстікте өндірілетін мақтаның барлығын толығымен Шымкент қаласында өңдеу – үшінші мегаполистің экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Өткен жылы 268 млн. 158 мың теңге көлемінде өнім өндірілген. Сонымен қатар, Түркияға – 127 тонна, Ресейге – 40 тонна, Қытайға – 116 тонна және Румынияға – 13 тонна иірім жіп экспортталған.
Бүгінгі таңда тігін фабрикасында 78 адам жұмыспен қамтылған.