ШАЛҒАЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕ – МӘДЕНИЕТ ҮЙІ Избранное

Среда, 05 Май 2021 04:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 896 раз

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Абай ауданының Карл Маркс елдімекенінде жаңа Мәдениет үйі бой көтереді. Жалпы аумағы - 0.15 га жерді қамитын құрылыс нысанының аумағына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасыры Шыңғыс Мұқан және Абай ауданы әкімі Бұхарбай Парманов арнайы барып, Мәдениет үйінің жобасымен танысты.

742

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай құрылысы жоспарланып отырған Мәдениет үйін жергілікті түрік-әзірбайжан ұлтының өкілдері жеке қаражаттарына салуда.
–Бір мемлекетте ұлт болып ұйысып тұрған соң, қоян-қолтық араласып, бір-бірімізбен тату-тәтті тұрып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса берейік. Бүгінгі бастамаларыңыз құтты болып, қаламыз көркейе берсін, - деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс
Жұмабекұлы.
Шара барысында Мәдениет үйінің құрылысына атсалысып жатқан елдімекен тұрғындары Алғыс хатпен марапатталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.