– Әзірге бұл мегаполистегі осындай алғашқы аялдама болып тұр. Егер тәжірибе сәтті жүзеге асса, болашақта осындай аялдамалар қалада көбеюі мүмкін. Жобаға IDC компаниясы инвестиция құйып отыр, – деді басқарма өкілі Бақытжан Мамбетқұлов.
Бұл аялдаманың ерекшелігі сол – желдеткіш ішін жазда салқындатып, қыста жылытып тұрады. Оған қоса арнайы экраннан қалалық бағыттар мен автобустар туралы мәлімет алуға болады. WI-FI қарастырылған. Ал сыртына жарнама экраны қойылады.
Желдеткіш пен интернет құралды дайындықтан өткен маман басқарып отырмақ. Қазіргі таңда барлығы дайын, аялдама бірер күнде іске қосылады деп күтілуде.