Білімді жас – ел ертеңі Избранное

Среда, 02 Июнь 2021 03:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2114 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми, спорт, өнер жарыстарының жеңімпаздарымен кездесті. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай дендросаябақта өткен жиынға келген қала мектептерінің оқушыларының ішінде республикалық олимпиаданың 18 жүлдегері, халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың 33 жеңімпазы бар.

911

 

Ашық аспан астындағы жиында қала әкімі құттықтау сөз сөйлеп, балалармен еркін форматта сұхбаттасты. Оқушылар қалада өткен жастар лигасынан бастап болашақ мамандық таңдау, әкімнің жастарға кеңесі, өмірлік ұстанымы секілді тақырыптарда өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.
Қала әкімі жас өрендерге артылар сенімнің зор екенін айтып, елімізде оқушылардың сапалы білім алуына бар жағдай жасалғанын жеткізді.
Айта кетейік, Шымкентте тәуелсіздік жылдарына дейін 51 балабақша, 68 орта мектеп болса, қазіргі таңда балабақша саны – 526, мектеп саны 186-ға жетті. Отыз жылда 68 мыңнан астам орынды 98 заманауи үлгідегі білім ошағы салынып, 85%-ы күрделі жөнделді, үш ауысымды, апатты мектептердің өзекті мәселелері оң шешімін табуда. Осы жылдары дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектептер, Назарбаев Зияткерлік мектептер желісі құрылды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.