Ел игілігіне - 2 спорт алаңы Избранное

Среда, 16 Июнь 2021 04:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 561 раз

Шымкентте балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жаппай спортты дамыту мақсатында көптеген жаңа нысандар пайдалануға берілуде. Күні кеше осындай екі жаңа балалар спорт алаңы салтанатты түрде ашылды.

212

 

Көше алаңының құрылысы Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асырылды.
Жаңа нысанның үлкен спорт алаңы, жасанды жабыны, жарықтандыруы және жоғары қоршауы бар. Онда балаларға баскетбол, волейбол, футбол, теннис ойнауға барлық жағдай жасалған.
Көше алаңдарының құрылысы Шымкент қаласының инфрақұрылымын жақсарту бағдарламасы аясында қолға алынуда. Жыл соңына дейін қаланың басқа да шағынаудандарында осындай бес алаң пайда болады.
ERG-дің Қазақстандағы қызметінің 25 жылы ішінде әлеуметтік шығындарға салынған инвестициялары 1 млрд доллардан асқан. ERG 17 жыл бойы топ кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша жыл сайын меморандумдар жасап келеді. Биыл Шымкент қаласы әкімдігімен меморандумға қол қойылды.
Компания өңірлерді қолдау бойынша «Туған қалалар» бағдарламасын іске асырады. Бағдарлама аясында тұрғын үйлердің, мектептердің, ауруханалардың, балалар мен ересектерге арналған спорт нысандарының, саябақтардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.