ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Избранное

Среда, 01 Сентябрь 2021 04:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 363 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты. Аралау барысында әкім жұмыстың сапасына назар аударды. Сонымен бірге, мердігер мекемеге жұмыста қолданылатын құрылыс материалдары қазақстандық өнім болуы қажет екенін ескертті.

711

 

Құрылысы салынып жатқан екі жолақты жолдың ұзындығы 16 шақырым болса, көшенің ені 15 метрді құрайды. Жол құрылысы Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты алады.
2021-2022 жылдарға жоспарланған жол-құрылысына жауапты мердігер мекеме «Корпорация Береке-А» ЖШС. Қазіргі таңда аталған нысанның Шымкент-Ташкент жолына қиылысатын бөлігінде жол өткелі, яғни көпір құрылысы салынуда.
Жалпы 16 шақырымның 3 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары қолға алынған. Қазір көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.
Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Республика даңғылының бойындағы тротуар салу және жаңа аялдамалар орнату жұмыстарының барысымен де танысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.