Аға буынның үйретері көп Избранное

Среда, 17 Ноябрь 2021 03:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1019 раз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіна қарасты Абай кітапханасы мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы шахматтан турнир өткізді. Оған «Ақ тұлпар» ардагерлер шахмат клубы мен «Жас толқын» жастар командасы қатысты. Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.

384

 

Бүгінде Шымкент еліміздің шахмат орталығына айналып отыр. Әлемді мойындатқан шахматшылардың Шымкенттен қанаттанып, осында өздерінің шахмат мектебін қалыптастыруы да сөзімізге дәлел. Ал бұл турнир аға буын мен өскелең ұрпақ арасындағы байланысты нығайтып, шахматты қалың бұқараға насихаттау және кітапхана оқырмандарының санын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Турнирге әуесқой 7 жұп қатысты. Бас төреші Дәулет Ниязбек бастаған төрешілер қатысушылардың ойынын жіті қадағалап, төрелік етті.
Сайыста «Ақ тұлпар» ардагерлер клубының өкілдері басымдықпен алға шықты. Жүлделі бірінші орынды ардагер К.Жұмақов иеленсе, ІІ орын Н.Қонысбековке бұйырды. Ал ардагер А.Ташманов үшінші орынды қанжығалады. Ойын соңында жеңімпаздар түрлі дәрежелі дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, іс-шараға «BalTekstil», «MEY», «Delix», «TOP SELLER of CHEMICAL PRODUCTS» кәсіпорындары мен «Шара-бара» сервис орталығы демеушілік көрсетті.

Раушан Сұлтанбек,
Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің әдістеме бөлімінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.