«ПЕТРОҚАЗАҚСТАН» – ҮЗДІК Избранное

Среда, 22 Декабрь 2021 04:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1118 раз

Шымкенттегі ірі кәсіпорын республикалық деңгейде үздік атанды. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында республикалық «Парыз–2021» байқауында жеңімпаз атанды. Шымкент мұнай өңдеу зауытының ұжымы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін бағалайтын байқаудың «Ең үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша марапатталып отыр.

813

 

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады. Кәсіпорын өкілдері «Парыз–2021» сыйлығы мекеме үшін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаумен қатар тиімді өндірістің өсуіне ықпал ететін кәсіпорындағы еңбек қатынастарының теңдестірілген жүйесінің жоғары бағасы, деп мәлімдеді.
Айта кетейік, «ПҚОП» ЖШС бірнеше рет жоғары дәрежелі марапаттарға ие болды. Нақты айтқанда, зауыттың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі саясаты 2011 және 2016 жылдары «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Алтын парыз» сыйлығымен екі рет бағаланған.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.