Қоғамдық көлік қызметі – бақылауда Избранное

Среда, 23 Февраль 2022 05:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1104 раз

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен шаһарда қоғамдық көлік қызметтеріне кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді.

308

 

Қалаға шалғай орналасқан шағынаудандар мен елді мекендерге қатынайтын автобус бағыттарының саны артып келеді. Осы себепті, жауапты басқармада қозғалысты оңтайландыруда қосымша бағыт қосу жұмыстары қолға алынған. Қазір кейіннен қосылған 590 автобустың қозғалыс сызбасын халыққа тиімді ету мақсатында арнайы жұмыстар жүргізіліп отыр.
– Жаңа бағыттарға қатысты тұрғындардың арыз-шағымдары да ескеріліп отыр. Мәселен, әлеуметтік желіде тұрғындар №150-ші автобус жұмысына көңілдері толмай, шағым түсірген. Мәселенің мән-жайын анықтап, жүргізушіге қатаң ескерту берілді. Автобустардың бағыттарына Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бақылау жүргізуде, - деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Наурыз Сүгіралиев.
Айта кетейік, үшінші мегаполисте 78 бағытта жолаушылар тасымалдайтын 800-ге жуық автобус бар.

Ақбөпе ЕРГЕШ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.