Екі шағынауданның тұрғындарымен жүздесті Избранное

Среда, 23 Февраль 2022 05:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1001 раз

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың мегаполис халқымен кездесулері тұрақты жалғасын тауып жатыр. Бұл жолы әкім Әл-Фараби ауданына қарасты Забадам және Химфарм шағынаудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындар түйткілді мәселелерді қозғады.

307

 

Екі елді мекен де электр жарығы, ауыз сумен және табиғи газбен толық қамтылған болса, көшелерінің 95 пайызы асфальтталған. Бүгінгі мәселе — кәріз жүйесін ретке келтіру, көшелерді жарықтандыру және жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Мұрат Әйтенов әрбір мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып, шағынауданды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары 2025 жылдары шешілетінін, ал, жарықтандыру бойынша әр жылда 3 көшеге бағаналар орнату жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
— Әрқашан халықпен диалогқа ашықпыз. Әрбір халықпен кездесуде көтерілген мәселелердің шешімі табуы үшін тиісті жұмыстар атқарылады. Мәселелердің орындалуы бойынша елдімекен белсенділерімен жүйелі жүмыс жүргізіледі, - деді қала басшысы.
Өтініштер бойынша аудан әкімі мен сала мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуы бойынша баяндауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.