ТАСҚЫН СУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА Избранное

Среда, 23 Февраль 2022 05:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1039 раз

Кеше ҚР Премьер-министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Селекторлық жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты.

306

 

Күн тәртібіне сәйкес отырыста салалық министрлер елдегі эпидемиологиялық ахуал мен вакцинациялау жайын, су тасқынына қарсы атқарылатын жұмыстарды баяндады.
Үкімет отырысынан соң қала басшысы жауапты сала жетекшілеріне коронавирусқа қарсы вакциналау мен ревакциналау шарасын күшейтуді тапсырып, қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақталса да санитарлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Сонымен бірге, әкім су тасқынының алдын алу бойынша салалық басқармалар мен аудан әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді. Қала басшысы қашыртқы арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту жұмыстарына аса мән беруді және су алу қаупі бар аймақтардағы жұмыстарды күшейтуді жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.