АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ Избранное

Среда, 27 Апрель 2022 04:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 814 раз

Шымкентте Қаратау ауданының әкімі және жастардың бейресми кездесуі өтті. Белсенді жастар қатысқан іс-шара еркін форматта өрбіді.

92

 

Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығы және аудан әкімдігінің ішкі саясат және мәдениет бөлімі ұйымдастырған кездесуге Назарбаев Зияткерлік мектептері және орта мектептердің оқушылары, мұғалімдері мен жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, студенттер қатысты. Бұл лауазымға жуырда тағайындалған аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов өзінің студенттік кезеңі мен еңбек жолы туралы баяндады.
– Жоғарғы білім ешқашан артық етпейді. Мен үш оқу орнын тәмамдағанмын. Біздің кезімізде оқулықтарды кітапханадан тапсақ, қазіргі жастарда мүмкіндік мол. Енді жастарға жұмысқа орналасуда да жеңілдіктер болмақ. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдері үздік оқыған жастарды қызметке конкурссыз алу туралы ұсыныс әзірлеп жатыр, – деді Рахымберді
Жанысбекұлы.
Кездесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.