– Бала – біздің болашағымыз. Балғындарымыздың бақытты өмір сүріп, сапалы білім алуына, оларды демеп, қамқорлық таныту – біздің міндетіміз. Мереке күнінде жеткіншектердің басын қосып, олардың жалғыз еместігін сезіндіру, көңіл-күйін көтеріп, жүздерінен бақыттың қуанышын көргіміз келеді, – деді Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлісхан Сайфулинқызы.
Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша балалар үйінде 894 бала тәрбиеленіп жүр. Мерекелік іс-шараға №3, 4 балалар үйінің 120 тәрбиеленушісі мен ата-ана қамқорлығына өткен 86 бала қатысты. Оларға демеушілер тарапынан қолдау көрсетіліп, «GRAVITY» батутында ойнады, «Фиркан CITY» кинозалында мултьфильм мен кино тамашалап, бір сергіп қалды. Сыйлықтар үлестірілді. Мереке соңында білім басқармасының өкілі демеушілерге балалардың атынан рақмет айтып, алғыс хатпен марапаттады.
Айдана МҰХТАРОВА