Әлеуметтік қызмет көрсету: 100 жолдама берілді Избранное

Среда, 20 Июль 2022 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 686 раз

Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту іс-шараларының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

161

 

– 2020 жылы іске қосылған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс бере алады. Яғни, бұл санаттағы азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізе алады.
Жыл басынан бері протездік-ортопедиялық құралдарға мүгедектігі бар азаматтардан 4 921 құралға өтініш қабылданды. Сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 10 566 өтініш қабылданып, 9 215-і құралмен қамтылды.
Мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 876 өтініш қабылданып, оның 339-ы құралмен қамтылды. Жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 449 азамат мұқтаж болса, 2 228 азаматқа қызмет көрсетілді, 8 438 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданды.
Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 58 автокөлікке 886 азаматтан өтініш қабылданып, 15 428 өтінімге қызмет көрсетілуде. Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 2022 жылы 100 жолдама берілді, - деді Б.Нарбекова.
Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласында 37 901 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер – 3 534, екінші топтағы мүгедектер – 14 863 , үшінші топтағы мүгедектер – 12 459, 18 жасқа дейінгі 7 045 мүгедек бала тіркелген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.