Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат елдімекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына ыңғайлы ету.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 1 886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1 336 аялдама павильоны болса, қалғанына аялдама белгілері орнатылған. 2021 жылы жаңа үлгідегі аялдамалар саны 670-ке жеткен.