ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ Избранное

Среда, 10 Август 2022 06:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 223 раз

Еңбекші ауданына қарасты Қарабастау елдімекені №99 мектеп-гимназиясында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының ұйымдастыруымен, «Құқықтық сауаттылық арттыру» акциясы және «Өмірлік дағдыларды арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

205

 

Семинарға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Әлжанова, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков, психолог Жібек Сейдахан және шалғай елдімекен тұрғындары мен жастар қатысты.
Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылады. Іс-шара басында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Әлжанова 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, стратегиялық құжаттың маңызды аспектілерін түсіндірді.
– Бүгінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту өзекті. Соған байланысты кезең-кезеңімен заңнамалық шаралар қабылдануда. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға және кеңес алу үшін, агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласып, сыбайлас жемқорлықты бірігіп жоюға үлес қосыңыздар, – деді сала маманы Ж.Әлжанова.
Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға атсалысып, жемқорлықпен күрестің алдын алуда полиция қызметінің атқарар рөлі орасан.
– Тұрғындар мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру – бүгінде маңызды мәселе. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында тұрмыстық сыбайластыққа баса назар аударылады. Себебі, парақорлықтың үлкен үлесі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен байланысты екенін атап өтуге болады. Егер де, бопсалау немесе қандай да бір заңсыз жағдайдарға тап болсаңыз, полиция департаментіне келіп, арыз жазуға болады, – деді полиция майоры Б.Карбеков.
Іс-шара соңында шалғай елдімекен тұрғындары мен жастары өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.