Жиынға Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысып, сөз сөйледі.
–Өз тарихын танып, одан сабақ алмаған, өткенін жас ұрпағына өнеге етпеген халықтың болашағы бұлыңғыр. Біздің тарихымыздан ойып орын алатын тұлғалардың бірі де, бірегейі Дінмұхамед Қонаев екені баршаға аян. Ол кісінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халқымыздың төл мәдениетін сақтауға қосқан үлесі орасан зор. Біз ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, осынау тарихи тұлғаны жастарға таныту, оның азаматтық кескін-келбетін балаларымызға өнеге ету жолында үлкен жұмыс атқаруымыз керек, – деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Жиналған көпшілік ұлт қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның елге сіңірген еңбегі мен азаматтық болмысы жайлы ғибратты естелік әңгімелер айтты.