ШЫМКЕНТКЕ, ҚОШ КЕЛДІҢІЗ! Избранное

Среда, 31 Август 2022 08:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1087 раз

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен және Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігінің қолдауымен Бакуде «Шымкент қаласының күндері» өтуде.

32

 

Биыл Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына - 30 жыл. Айтулы датаға орай Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында «Welcome to Kazakhstan» атты еліміздің өңірлерінің қатысуымен туристік-мәдени күндер өтуде.
Осы мақсатта бір аптаға жоспарланған «Шымкент қаласының күндері» аясында Оңтүстік өңірдің қонақжайлылығын, гастрономиялық тағамдарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен таныту жоспарланған. Шымкент делегациясының құрамында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған депутаттар бар.
Е.Қыдыров екі елдің тарихи-мәдени құндылықтарының ұқсастықтарын сөз етіп, өткен айда ұйымдастырылған Туристік ақпараттық орталықтардың I слетінде Әзірбайжан елі оң көзқарас танытып, белсенді қатысқанын айтып өтті.
Жалпы, келушілер тек қаланың туристік әлеуетін танып қана қоймай, «Сандық» ресторанының ұлттық тағамдарын, Майра Мұхамедқызының опералық әндерін және Бағжан Октябрьдің виолончельмен тартқан әуендерін тыңдап, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұсынған VR-көзілдірік арқылы виртуалды Шымкентке көз жүгіртті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.