2 бағытқа жаңа автобустар қосылды Избранное

Пятница, 02 Сентябрь 2022 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 708 раз

Шаһарда қоғамдық транспорт жаңа автобустармен толықты. Әлеуметтік маңызы бар № 55 және №149 бағытқа 6 жаңа автобус қосылды. Жаңа автобустар жолаушыларды тасымалдауға кірісті.

52

 

Енді № 149 автобустың саны онға жетті. Ал, № 55 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы 8 автобус жүретін болды. Жаңалау жұмыстары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялардың арасында түзілген келісімшарттар негізінде атқарылды.
Бүгінде қала ішінде 1000-ға жуық қоғамдық көлік қатынайды. 78 тұрақты бағыт бойынша күнделікті маршруттарға 843 автобус шығады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.