ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ Избранное

Среда, 31 Август 2022 08:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 823 раз

Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана базасында Конституция күніне орай заманауи ангиографиялық ота жасау бөлмесі ашылды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ғани Ташқараев, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов жоғары технологиялармен жабдықталған ота жасау бөлмесінің ашылуына қатысты.

38

 

№1 клиникалық аурухананың базасында нейрохирургиялық блоктың ашылуына қала әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасы қолдау көрсетті. Аурухананың нейрохирургия орталығының жетекшісі, білікті маман Еркін Медетовтың айтуынша, жаңа технологиялармен жабдықталған ота жасау бөлмесінің ашылуына 1 жыл дайындық жүргізілген. Бір жылдан бері мұнда жоғары технологиялық оталар жасалып жатыр. Нейрохирургиялық блоктың екі ота бөлмесі бар. Бірі – ангиографиялық ота жасау, екіншісі – ашық операцияларға арналған ота бөлмесі.
Заманауи, ең соңғы үлгідегі қондырғының көмегімен ми тамырларына отаны тамырдың ішінен, яғни тіліксіз жасауға болады. Инсульт алған науқастарға жоғары технологиялық оталар жасалады. Ота бөлмесінде заманауи бейнекамералар орнатылған. Оның көмегімен онлайн жүйе бойынша жас мамандарды үйретуге мүмкіндік бар. Жаңа құрылғы қалалық аурухананың өз бюджетінен Нидерланды елінен алынып, орнатылды.
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов қаладағы медицина қызметкерлерімен, клиникалық аурухана ұжымымен кездесіп, осы бағыттағы атқарылып жатқан жаңашылдықтардан хабардар етті.
Айта кетсек, қазіргі уақытта қала ауруханаларына жоғары технологиялық оталардың барлығы енгізілді. Биылдың өзінде 800-ден астам ота жасалған.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.