ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәжілісте Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасының мәселелері талқыланды. Жиында зауытты ұлғайтуға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру тетіктері мен өзекті мәселелер қаралды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаевпен бірге шаһардың су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды мониторинг жүргізді.
Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Ақтас және Ақтас-2 елді мекендеріне табиғи газ берілді.
«Ордабасы» футбол орталығының жаңарған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов жаңа нысанның тұсауын кесіп, ізгі тілектерін жеткізді.
«Тассай» индустриалды аймағының жұмысымен танысты
Пятница, 01 Декабрь 2023 04:50 Автор Айдар Құлжанов
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Тассай» индустриалды аймағында болып, өнеркәсіптік аймақта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы қоғамдық кеңес мүшелерінің Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев екінші Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, адал азамат болып шығуы керек. Отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет», – деген болатын. Президенттің тапсырмасы аясында биыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі…
Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылым басқармасы БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырып, қаладағы жылу қазандықтарының жай-күйімен таныстырды.
Тұрғындардан төтеншеліктерге жыл басынан бері 3 070 шұғыл қоңырау түсіп, құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 290 адам құтқарылған. Оның 185-і кәмелетке толмаған бала. Сондай-ақ, 12 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Кезек күттірмейтін авариялық құтқару және өрт сөндіру кезінде мамандар 2 млрд. 17 млн. теңгеден астам материалдық мүлікті қорғап қалды.…
Елдің байлығы жерінен танылар: жергілікті туризмді дамытуға бағытталған форум өтті
Пятница, 01 Декабрь 2023 04:41 Автор Редакция
Кейінгі жылдары ел Үкіметі туризм саласын дамытуға негізделген мақсаттарды айқындап, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу страгетиясы бойынша нақты қадамдармен жұмыс атқаруда. Ұлттық туризм секторы жоғары деңгейдегі жан-жақты дамыған инфрақұрылым арқылы аталмыш стратегияның орындалуына өз септігін тигізіп келеді. Сондай-ақ, мемлекет жүктеген тағы бір міндеттердің бірі –…