Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде Тұран ауданының өзекті мәселелері, даму жоспары және iKomek орталығының қызметі қаралды.
Шымкентте тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасы жыл санап жақсарып келеді. Халық саулығын арттыруда қалада ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы үшінші мегаполисте тұңғыш рет жүрек алмастыру, эпилепсияға шалдыққан балаларға нейростимулятор қою оталары жасалып, сәтті аяқталды. Ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау…
Шымкентте МӘМС шеңберінде ересектер мен балаларға медициналық оңалту көмегіне қолжетімділік артқан. Бүгінде кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары, травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша 68 медициналық ұйым көмек көрсетеді. Емдеу мекемелерінде былтыр 400 мыңға жуық оңалту шаралары көрсетілген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент…
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Халықаралық ғылымдағы қыздар мен әйелдер күніне» орай “Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі” атты форум өтті. Жиында партияның қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов үшінші шаһардағы ғалым, профессор қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап,…
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры «Арбат» алаңында ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жазылар естеліктер мен туралы...» атты поэзия кешін өткізді.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №1 Талант жалпы білім беру мектебі мен №122 Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие: ар-ұят, талап, ұлттық мүдде» атты республикалық семинар-практикум өтті. Іс-шараны Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Дәрібаева құттықтау сөзімен ашып берді.
Шымкентте «Tazalike» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала тұрғындары экологиялық акцияға белсене үлес қосты.
Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев алғашқы жер асты дүмпулеріндегі негізгі іс-қимылдардың ережелері тақырыбында баспасөз брифингін өткізді. Нұржан Нұрханұлы жер сілкінісі кезінде тұрғындардың әрекет ету тәртібін баяндап, өткен жылы атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Жыл сайын тұтынушылар құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдар саны өсуде. Айталық, өткен жылы тұтынушылардың 4109 өтініші қаралып, нәтижесінде 181 779 555 теңге сомасында ақшалай қаражат қайтарылды. Ал 2022 жылы департаментте 2150 өтініш қаралып, тұтынушыларға 79 518 372 теңгеден аса қаражат қайтарылған екен. Бұл өз құқығын қорғайтын…
Шымкентте кейінгі жылдары саясы мол ағаштарды отырғызуға басымдық беріліп жүр. Өткен жылы қаланың орталық көшелеріне 51 348 түп көшет егілді. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев былтыр қараша айында қала тұрғындарымен кездесуде қалаға жапырақты ағаштар көптеп керек екенін айтқан еді. Өйткені, оның көптеген…