Қаланың бекітілген жаңа Бас жоспарында жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін 2,1 млн шаршы метрге дейін арттыру көзделген. Алдағы 15 жылда салынатын тұрғын үй құрылысына 9492 гектар жер айқындалған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңес отырысындағы Шымкенттің 2035 жылға дейінгі Бас жоспарын талқылау барысында белгілі…
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Еркін Отарғалымұлы сейсмикалық жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша баспасөз брифингін өткізді. Еркін Отарғалымұлы Шымкентте жағдай тұрақты екенін мәлімдеп, ықтимал жағдайға байланысты дайындық шараларынан хабардар етті.
Шымкент қаласы әкімінің аппарат отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Жиында қаланы дамыту жоспарындағы нысаналы индикаторлардың орындалуы, Әл-Фараби ауданының биылғы даму бағыты және қоғамдық көлік қызметін жақсартуда атқарылатын жұмыстар пысықталды.
Жаңа әуежай терминалының құрылысы «ЅСАТ» АҚ инвестициясы есебінен іске асырылып отыр. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылыс жұмысымен танысты.
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы көне мешіт ғимаратының бұзылып жатқаны туралы видео тараған болатын. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінде (Жәми) болып, жағдайдың анық-қанығын тексерді. Жауапты басшылар, дін өкілдері БАҚ өкілдеріне бұл тарихи нысан емес, қосымша ғимарат екенін айтып берді.
«ШЫМКЕНТТІҢ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ АСТАНА АТАНУҒА МҮМКІНДІГІ БАР»
Пятница, 19 Январь 2024 04:16 Автор Тағабай ҚАСЫМ
Шымкент – туристерге қолайлы шаһар. Өткен жылы қалаға 300 мыңнан астам турист келген. Оның ішінде шет мемлекеттерден келушілердің де қатары артқан. Қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Нұрымбетовтың айтуынша, 2024 жылы қаланың туристік әлеуетін арттыруда тың жобалар қолға алынады.…
Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін көмек. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде 1 000 000…
ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар жетекшілерімен кездесті. Іс-шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев жүргізіп отырды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар мемлекеттік білім мекемесіне арнайы барды. Қала әкімі «Оңалту орталығы», №66 жалпы орта білім беретін мектеп пен №99 «Гүлдер» бөбекжай-бақшасына жүргізілген күрделі жөндеу жұмысының сапасын тексеріп, №31 «Салтанат» бөбекжай-бақшасының мәселесімен танысты.
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Среда, 17 Январь 2024 05:09 Автор Тағабай ҚАСЫМ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар жетекшілерімен кездесті. Іс-шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев ашып, жүргізіп отырды.