ШЫМКЕНТІМ-ШЫРАЙЛЫМ

Пятница, 21 Октябрь 2022 00:00 Автор
Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №2 кітап-хана бөлімшесінде алдағы Қала күні мерекесіне орай еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкенттің тарихы, әдеби мұрасы, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында    «Шымкентім – шырайлым» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Оған қаладағы ОККЖ-ге қарасты кітапхана бөлімшелерінің 15 пен…
Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінің археологиялық жасағы «Ордабасы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкерлерімен бірлесе, Ордабасы ауданы Қараспан ауылы маңындағы ежелгі Қаңлы дәуіріне тиесілі көне қорым орнын тапты. ОҚМПУ археологиялық жасағы тапқан тарихи жәдігерлермен арнайы танысып қайттық.
Тұран шағынауданында Оқушылар сарайының құрылысы қарқын алды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс алаңында болып, жұмыс қарқынын қадағалады.
Апта ішінде қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар нысандардың құрылысын аралап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы өтті. Жиында негізінен Шымкент қаласының жаңа Бас жоспары талқыланып, ол бойынша шешім қабылданды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың төрағалығымен өткен республикалық ономастика комиссиясының отырысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, тарихшы, академик Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беру туралы шешім қабылданды.

КҮНБАҒЫС МАЙЫ АРЗАНДАДЫ

Пятница, 30 Июнь 2023 04:53 Автор
Шымкентте күнбағыс майының бағасы 150 теңгеге дейін арзандады. Экономикалық тергеу департаменті электрондық шот-фактураларды зерттеп, Шымкент өндірісіндегі өнімдердегі бағаларды саралаған.
«Жастар тәжірибесі» жобасы – жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекет субсидиялайтын қолдау шараларының бірі. Аталмыш жобаға қатысушылардың бірі – Аида Абдираймбек. Ол биыл Шымкент қалалық №2 перзентханаға акушер мамандығы бойынша жұмысқа жолданды.
Соңғы жылдары қалада мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының жартысына дейін үкіметтен төленеді. Одан бөлек, төмен пайызды несиелеу бағдарламасы қарастырылған.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірыңғай кездесуден бөлек, аудан тұрғындарымен тоқсан сайын жүздесіп, мәселелерін тыңдап келеді. Абай аудандық Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары қала әкімінің бірыңғай қабылдауында №54 жалпы орта мектебінің спорт залының апатты жағдайын ретке келтіруді сұранған өтініш түсірген болатын.