«Қазпошта» қызметін тұрғындарға қолжетімді ету мақсатында Shymcity шағынауданында ұйымның 32-інші бөлімшесі ашылды. Нысанның ашылу салтанатына «Шымкент поштамат» филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Асылхан Болатұлы және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары Алмагүл Жармұхамбетова қатысты.
Миллионды қалада соңғы жылдары тұрғын үйдің құрылысы қарқын алды. Жыл сайын заманауи жаңа үйлер салынып, қала келбеті уақытпен үндесе өзгеруде. Десе де, осы жұмыстармен қатар ескі үйлердің жағдайы ұмыт қалмайды.
Шымкентте дәстүрлі «Еңбек жолы» конкурсы басталады. Байқау қоғамда еңбек адамы туралы жақсы пікір қалыптастыру, жастардың еңбекке құрметпен қарауын, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады.
Қаратау ауданындағы Қызылсай тұрғын алабының тұрғындары көптен бері жол мәселесін көтеріп келген-ді. Қызылсайлықтардың өтініші қала әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына еніп, маусым айының басынан бері аталған тұрғын алапта қала орталығына қатынайтын тура жолдың құрылысы жүргізілуде.
Шаһарда жаз мезгілінде өрттің алдын алу, орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіруді ұйымдастыру мақсатында жалпы 405 адамнан тұратын 42 ерікті өрт сөндіру тобы құрылған. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілген. Бүгінде департамент өрт қауіпсіздігі деңгейін…
Шымкент қаласында этносаралық келісімді сақтау мен нығайту, этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу бойынша Еңбекші ауданының №105 жалпы орта мектебінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тұрғындарды қабылдау өтті.
Шымкент дәрігерлеріне дән риза Шымкентте қалалық балалар клиникалық ауруханасында алғаш рет жүйке жүйелерін трансплантациялау бойынша күрделі операция жасалды.
Шымкентте жаздың алғашқы аптасынан-ақ аптап бет қаратпай тұр. «Қазгидромет» мекемесі берген мәліметтерге сүйенсек, еліміздің оңтүстігі және Шымкент қаласында апта аяғында сынап бағанасы +40+43 градусқа көтеріледі. Дегенмен, түнде қапырық басылып, ауа температурасы 20-25 градусқа төмендейді.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында екі қаланың арасында ресми түрде бауырластық байланыс орнатты.
Вьетнам инвесторлары Шымкентте бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Шетелдіктер қала аумағындағы ескі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, тараптар арасында сауда-саттықты дамыту, құрылыс материалдарын өндіру бойынша бизнес жобаларын ұсынды.