Халықаралық турнирге іріктейтін жауапты сын Избранное

Среда, 16 Август 2023 04:03 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1367 раз

Жеңілатлетикалық манежде кикбокстан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов, ҚР Кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Есентаев, қалалық Полиция департаменті бастығы, генерал-майор Қайрат Дәлбеков қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

800

 

ҚР чемпионатына еліміздің барлық аймағынан 200-ден астам спортшы келген. Аталған сайыс кикбоксшыларды алдағы халықаралық тунирлерге іріктейтін жауапты сын болмақ.
– Елімізде бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударылып отыр. Қазіргі таңда Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытумен қатар, жоғары спорт шеберлігін одан әрі жетілдіруге қала әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілуде. Шаһарда кикбокс спортымен 600-ден аса спортшы тұрақты түрде шұғылданады. Осы жарысқа қатысушылар арасынан алда жоғары жетістіктерге жететін дарынды жастар шығатынына сенім білдіреміз. Жарыста тек мықтылар жеңіске жетсін, – деді басқарма басшысының орынбасары.

801


ҚР Кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Есентаев ел чемпионаты алда Португалияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерінің бірі екенін атап өтті. ҚР чемпионатынан кейін ұлттық құрама қайтадан жасақталады.
Сондай-ақ, жиында кикбокс спортына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Жарыс жеңімпаздары 17 тамыз күні анықталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.