Жас спортшыларға жiгер сыйлады Избранное

Вторник, 05 Январь 2016 04:36 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 7289 раз

Жаңа жыл – шаттықтың, қуаныштың мерекесі. Осы мереке қарсаңында Шымкент қаласындағы №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде спортшылардың құрметіне арнап жаңа жылдық мерекелік шыршатой өтті.

sports-1Мерекеге 250-ге жуық жас спортшылар, еліміздің болашақ жарқын жұлдыздары қатысты. Думанды кештің жоғары деңгейде өтуіне аталған спорт мектебінің директоры Данияр Исабаев бастаған ұжым жұдырықтай жұмыла атсалысып, мерекенің сәнін келтірді.
Шарада еліміздің даңқты спортшылары, оған қоса Қазақстанның эстрада жұлдыздары мектеп спортшылары мен ұжымына арнаған жаңа жылдық құттықтаулары үлкен экраннан көрсетілді. Сондай-ақ Ж.Шанин атындағы драма театрының актерлары ел спортының ертеңіне баланатын кішкентай бүлдіршіндердің көңілін аулап, жүздеріне күлкі, жүректеріне шуақ сыйлады. Спорттық сахналық көріністер ұсынылып, дәмді тағам, сусындармен мерекелік дастархан жайылды. Көңілді мерекеде спорт мектебінің үздік спортшылары мен қызметкерлері, жаттықтырушылары арнайы номиниациялармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды.
Жас спортшылардың қуанышына арнайы қонақ ретінде Еңбекші ауданының әкімі Ғ. Ильясов, «Нұр Отан» партиясы басшысының орынбасары Б. Сыздықов, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Н. Әбдіқұлов және ОҚО каратэ федерациясының президенті Н. Мелдеханов сынды спортқа жанашыр азаматтар қатысып, жиналғандарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.