Есірткі кеселіне жол бермеу!

Пятница, 23 Сентябрь 2022 10:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 876 раз

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауында: Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп келе жатқанын. Қазіргі ахуал күрделі екендігін, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі  10 есе артқанын. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастағанын. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып жүргенін.  Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел.Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілу тиістігін атап өткен.

 

Есірткімен күрес – қоғамдағы маңызды міндеттеріміздің бірі. Елімізде есірткі саудасымен айналысатындардың, наша тұтынатындардың жолына тосқауыл болу үшін барлық тиісті шаралар жүзеге асырылуда.
Ендігі ретте мемлекеттік органдар синтетикалық есірткіні жарнамалаушыларға қарсы күресті қолға ала бастады.
Әлем бойынша аптасына синтетикалық есірткінің 10 жаңа түрі шығарылады. Ел ішінде көп тараған түрлері: «Альфа-ПВП», «спайс», «мефедрон».
Синтетикалық есірткі адамның денсаулығына қатты әсер етеді. Егер табиғи болса басқаша, ал синтетика мүлдем басқаша әсер етеді. Онымен күресу үшін мемлекет осы мәселеге көп көңіл бөлуде.
Мамандардың айтуынша, синтетикалық есірткілердің беретін әсері қарапайым марихуана мен анашадан 10-15 есе қаттырақ. «3Д» форматта галлюцинациялар болып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталып жатады, яғни суицид. 
Қазір жастарды еліктіретін есірткі заттары әлеуметтік желілер арқылы кеңірек жарнамалануда. Өкініштісі, жаңа сипаттағы есірткілердің саудасына тосқауыл қоюға құқық қорғау органдары қауқарсыз. Ал қауіпті есірткі түрлерін саудалаушылар жаңа технологияның мүмкіндіктерін молынан пайдалануда.
Бұл синтетикалық заттар жаңаша химиялық сипатымен ерекшеленеді. Олар адам ағзасында тәуелділікті тез қалыптастырады. Оны бір рет тұтынған адамның орталық жүйке жүйесі зақымданады да, қайта қалпына келтіруге ұзақ уақыт қажет болады. Мидың жұмысын әлсіретіп, адамды психикалық ауруға айналдыратынын айтады мамандар. Статистикалық деректерге қарағанда, синтетикалық есірткіге тәуелді болатындардың басым көпшілігі – 14-21 жас аралығындағы жасөспірімдер. Сонымен қоса, олардың қатары күн санап артып келе жатқандығы бірнеше жылдан бері айтылып келеді.
           Қала аумағында жастар ақша табу мақсатында жұмыс іздеп, есірткі заттарын тарату (закладчик) арқылы қаражат табу мақсатында, бірақ оның қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін түсінбеуі мүмкін.
Жалпы есірткі мен психотропты заттарды жасағаны, пайдаланғаны және сақтап таратқаны үшін азамат 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сондай-ақ барлық мүлкі тәркіленеді.
 
Еңбекші аудан прокуратурасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.