Жағдай бақылауда

Пятница, 28 Октябрь 2022 05:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 702 раз

jauyn-su

Шымкент қаласында апта басынан бері толассыз жаңбыр жауып келеді. Соның салдарынан қаланың кейбір жерлерінде жауын-шашын суы жиналып қалды. Осыған орай арнайы кезекші бригадалар құрылып, жиналған су дер кезінде арнайы техникалармен сорылып, тазаланып жатыр.

Кезекші бригадалар төрт аудан бойынша жедел жұмыс істеп жатыр. Абай ауданы бойынша 15 техника 30-дан астам жұмысшы жұмылдырылған.

Әл Фараби ауданында жаңбыр суын сору жұмыстарын 8 техника 30-дан астам адам үйлестірді. Осындай жұмыстарға Еңбекші ауданында 40 техника мен 230-ға жуық жұмысшы атсалысса, Қаратау мауданында 15 техника, 4 мотопомпа және 50-ге жуық қызметкер жұмылдырылды.

Жауапты органдардың мәліметі бойынша, қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ, жағдай мамандардың тұрақты бақылауында.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.