Сайлау күні қоғамдық пікірге сұрау салуды кімдер жүргізетіні белгілі болды

Пятница, 11 Ноябрь 2022 12:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1005 раз

5ff958fb84be0522068477

2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізетіні туралы хабарлар келіп түскен. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық сайтында жариялады. Олар:

1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) - "face to face" сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI);

2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі - "face to face" сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы - Профильді онлайн платформаны қолдана отырып, "face to face" сұхбат алу әдісі;

4. «Демократия институты» Ғылыми-зерттеу қауымдастығы - "face to face"сұхбат әдісі;

5. Астана - Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» - дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

6. Исследовательская группа DAMU RG - CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing);

7. «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты - дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll).

Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Сайлау – 2022 «ӨМІРІМ – БАҚЫТЫМНЫҢ АЙНАСЫ» »